
«Теңізшевройл» бастауыш кәсіподақ ұйымының беделі артыруда
30.09.2020Атырауда ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі (әрі қарай – ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІП) Орталық Кеңесінің мүшесі, Атырау облыстық филиалының төрайымы Салтанат Рахимова мен «Теңізшевройл» бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің арасында санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып, кездесу өткізілді.
Кездесуде, біріншіден, Кәсіподақтар Федерациясының XXVI есеп беру және сайлау съезінің өту барысы мен съезд қорытындылары талқыланды. Облыстық филиал төрайымы, съезд делегаты Салтанат Рахимова бастауыш ұйым мүшелерін Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы болып бірауыздан сайланған Сатыбалды Даулеталиның өмірбаянымен таныстырып, одан әрі 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясықызметінің «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» Стратегиясымен таныстырды. Лайықты еңбекақыны белгілеу, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, әлеуметтік әріптестікті дамытуға ықпал ету сияқты Лайықты еңбек стандарттары кәсіподақ мүшелерімен кең қолдау тапты.
Екіншіден, облыстық филиал төрайымы Салтанат Рахимова кәсіподақтардың заң шығару процестеріне араласудағы белсенділігінің артып келе жатырғанын айтып, бұл кәсіподақ қызметінің басты бағыты екеніне назар аударды. Бүгінгі күні, «Қазақстандық мұнай – газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев пен бірлесе отырып, ҚР-сы Парламент Мәжілісінің «ҚР-сы заң актілеріне жалдамалы еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылауға белсенді түрде қатысып, ұсыныстарын жолдап отырғандарын жеткізді.
ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІП Орталық Кеңесінің мүшесі, «Теңізшевройл» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұрат Абдиев бастауыш ұйымның төтенше жағдай кезінде қайырымдылық шараларын өткізіп, мұң-мұқтаж отбасыларына қол ұшын беру секілді атқарған қызметтерінен қысқана есеп берді. Кәсіподақ ұйымы мүшелері бастауыш ұйым төрағасына және облыстық филиал мен салалық кәсіподақ басшыларына ризашылықтарын білдірді.
Сондай ақ, кездесуге ҚАЗМҰНАЙГАЗКӘСІП Орталық Кеңесінің мүшесі, «КазТрансОйл» АҚ батыс өңірінің жергілікті кәсіподағының төрайымы Алтынгүл Шакимова қатысып, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен өзара пікір алмасты.
Кездесу соңында мұнай-газ кешенінің дамуына зор үлесін қосып, өнеркәсіптегі еңбек жағдайы мен қауіпсіздікті насихаттауда еңбегі зор бірнеше мұнайшылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.